ӘЧ-2026: АҚШ-қа кіре алмаған төрешіге ФИФА өтемақы төлейді
Бастапқыда ол мундиаль матчтарында қызмет етуі керек болған.
Халықаралық футбол федерациясы АҚШ аумағына кіре алмай қалған сомалилік төреші Омар Артанға сыйақы мөлшерін толық көлемде өтейтін болды. Бастапқыда аталған арбитр мундиаль матчтарында қызмет етуі керек болған.
Төлем чемпионатқа шақырылған және төрешілер бригадасына енгізілген арбитрлерге қарастырылатын негізгі сыйақы саналады. Осылайша Артан алаңға шықпаса да, ресми тізімге енген маман ретінде өзіне тиесілі қаражатты алады.
Омар Артан Сомали тарихына енер еді
Омар Артан 2026 жылғы әлем чемпионатында қызмет көрсеткен жағдайда, финалдық кезең матчтарында жұмыс істеген алғашқы сомалилік төреші атанар еді.
Бұған дейін ол Африка футбол конфедерациясы нұсқасы бойынша құрлықтың үздік ерлер арбитрі деп танылған. Сондықтан оның әлем чемпионатына шақырылуы Сомали футболы үшін тарихи оқиға ретінде бағаланған.
Артанды елінде ұлттық қаһарман ретінде қарсы алды
АҚШ-қа кіруге рұқсат ала алмағаннан кейін Омар Артан еліне оралды. Сомалиде оны жанкүйерлер мен жергілікті қоғам өкілдері ерекше құрметпен қарсы алды.
Айта кетейік, биылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада ұйымдастырылды. Бұл турнир тарихта алғаш рет 48 ұлттық құраманың қатысуымен өтіп жатыр.