ӘЧ-2026: Испания шабуылшысы бұрын-соңды болмаған антирекорд орнатты
Испания құрамасының шабуылшысы Микель Оярсабаль футболдан әлем чемпионатында ерекше антирекорд авторы атанды.
Opta статистикалық платформасының мәліметінше, футболшы әлем чемпионаттары тарихында матчтың алғашқы 30 минутында допқа бірде-бір рет жанаспаған алғашқы ойыншы болды. Бұл көрсеткіш Кабо-Верде құрамасына қарсы өткен мундиальдың топтық кезеңіндегі кездесуде тіркелді.
Микель Оярсабаль Испания құрамасы сапында 54 матч өткізіп, 25 гол соққан. Клубтық деңгейде ол Испанияның “Реал Сосьедад” командасында өнер көрсетеді.
Фаворит күтпеген жерден ұпай жоғалтты
Испания құрамасы турнирдегі алғашқы ойынын Кабо-Вердеге қарсы өткізіп, кездесуде допқа иелік етуде айқын басымдық көрсетті. Матч барысында испандықтардың допты бақылау көрсеткіші 74%-ға жетті. Алайда құрама ойыншылары өз мүмкіндіктерін пайдалана алмай, әлем біріншілігіне тұңғыш рет қатысып отырған Кабо-Вердемен ұпай бөлісуге мәжбүр болды. Чемпионаттың топтық кезеңінде Испания алдағы уақытта Сауд Арабиясы және Уругвай құрамаларымен кездеседі.