Нидерланд королі мен патшайымы Кюрасао футболшыларымен биледі (ВИДЕО)

Бас редактор

Жуырда аталған құрама Әлем чемпионатында тарихи нәтиже тіркеген болатын. 

Нидерланд королі мен патшайымы Кюрасао футболшыларымен биледі (ВИДЕО)
sportmail.ru

Нидерланд королі Виллем-Александер мен патшайым Максима 2026 жылғы әлем чемпионатындағы Кюрасао құрамасының тарихи нәтижесін футболшылармен бірге тойлады. Корольдік отбасы киім ауыстыратын бөлмеде құрама ойыншыларымен би биледі. 

Оқиға Кюрасао құрамасының Эквадорға қарсы топтық кезеңдегі екінші тур матчынан кейін болды. Кездесу 0:0 есебімен тең аяқталды.

Бұл нәтиже Кюрасао құрамасы үшін ерекше мәнге ие. Себебі команда әлем чемпионаттары тарихындағы алғашқы ұпайын еншіледі.

Корольдік отбасы футболшыларды құттықтады

Матчтан кейін Нидерланд королі Виллем-Александер мен патшайым Максима Кюрасао құрамасының киім ауыстыратын бөлмесіне кіріп, ойыншылардың қуанышына ортақтасты.

Әлеуметтік желіде тараған кадрларда король мен патшайымның футболшылармен бірге би билеп, қуанышқа ортақтасқаны көрінеді. 

Кюрасао мен Нидерландтың байланысы

Кюрасао — Кариб теңізінің оңтүстігінде, Венесуэла жағалауынан шамамен 80 шақырым қашықтықта орналасқан автономды аралдық аумақ. Ол Нидерланд Корольдігінің құрамына кіреді.