ӘЧ-2026: Хусанов әлемдегі ең жылдам қорғаушылардың бірі атанды

Спорт шолушысы

BBC Sport пен FIFA-ның фитнес-аналитикасы ұсынған мәліметке сәйкес, Өзбекстан құрамасының қорғаушысы Колумбияға қарсы өткен матчта сағатына 36,5 шақырым жылдамдық көрсеткен. Осы нәтижемен ол турнирдің ең жылдам ойыншылары рейтингінде екінші орынға көтерілді.

ӘЧ-2026: Хусанов әлемдегі ең жылдам қорғаушылардың бірі атанды
Өзбекстан футбол қауымдастығы

Бұл көрсеткіш бойынша Хусанов Норвегия құрамасының шабуылшысы Эрлинг Холандпен тең түсті. Ал көш басында сағатына 36,7 шақырым жылдамдықпен австралиялық қорғаушы Джордан Бос тұр.

Әлем чемпионатындағы ең жылдам бес ойыншы:

  1. Джордан Бос (Аустралия) - 36,7 км/сағ;
  2. Эрлинг Холанд (Норвегия) - 36,5 км/сағ;
  3. Абдукодир Хусанов (Өзбекстан) - 36,5 км/сағ;
  4. Мохамед Туре (Аустралия) - 35,8 км/сағ;
  5. Райан Гравенберх (Нидерланд) - 35,6 км/сағ.

Метроның жұмыс уақыты ұзартылды

Өзбекстан құрамасының әлем чемпионатындағы келесі ойынына байланысты Ташкент метросының жұмыс кестесіне өзгеріс енгізілді, 23 маусымда метро түнгі сағат 01:00-ге дейін жұмыс істейді. Шешім Португалия мен Өзбекстан құрамалары арасындағы матч кезінде жолаушылар санының артуы күтілуіне байланысты қабылданған. Кездесу АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтеді және Ташкент уақыты бойынша сағат 22:00-де басталады.

Топтық кезеңдегі алғашқы ойында команда Колумбиядан 3:1 есебімен жеңілген болатын. Португалиямен кездесуден кейін өзбекстандық футболшылар 28 маусымда Конго ДР құрамасына қарсы алаңға шығады.