"Қатаң шара қолданамыз": "Ақтөбе" ресми мәлімдеме жасады
"Ақтөбе" ФК түркиялық жартылай қорғаушы Эрай Өзбекке қатысты тараған ақпаратқа ресми түрде жауап берді.
Ресми мәлімдеме жасалды
Қазақстандық БАҚ-та "Ақтөбе" клубының түркиялық футболшы Эрай Өзбекпен келіссөз жүргізгені туралы ақпарат тараған. Осыған байланысты ақтөбелік клуб ресми мәлімдеме жариялады.
Клубтың хабарлауынша, тараған дерек жалған және шындыққа сәйкес келмейді.
"Бірқатар бұқаралық ақпарат құралында “Ақтөбе” футбол клубы түркиялық жартылай қорғаушы Эрай Өзбекпен келіссөз жүргізіп жатыр деген жалған ақпарат пайда болды. “Ақтөбе” футбол клубы бұл мәліметтің шындыққа мүлде сай келмейтінін ресми түрде мәлімдейді. Клуб аталған футболшымен ешқашан келіссөз жүргізген емес", — делінген мәлімдемеде.
Қауесеттің қайдан шықты?
"Ақтөбе" өкілдері мұндай ақпараттың қалай және кімдер арқылы тарағанынан хабардар екенін де атап өтті.
Клуб алдағы уақытта осындай жалған мәліметтерге қатысты қатаң әрекет етуі мүмкін екенін ескертті.
Бұған дейін қазақстандық ақпарат құралдарында «Ақтөбе» түркиялық жартылай қорғаушымен келіссөз жүргізгені, алайда ауызша уағдаластықтан кейін белгісіз себептермен трансферден бас тартқаны туралы хабар тараған.
Сондай-ақ кейбір деректерде Эрай Өзбектің Түркия жастар құрамасында ойнаған бұрынғы футболшы екені айтылған.