Мессиді марапаттан айыруды көздейтін ондаған петиция жарияланды

Бокс шолушысы

Жанкүйерлер Астурия ханшайымы қорының Лионель Мессиге спорт саласындағы беделді марапат беру туралы шешімін қайта қарауды сұрайды.

Мессиді марапаттан айыруды көздейтін ондаған петиция жарияланды
snob.ru

Испаниялық жанкүйерлер Лионель Мессиді Астурия ханшайымы атындағы беделді спорт сыйлығынан айыруды талап етіп жатыр. Испания БАҚ-тарының мәліметінше, Change.org платформасында осыған байланысты 30-ға жуық петиция жарияланған.

Аталған петициялар Испания мен Аргентина арасындағы әлем чемпионатының финалынан кейін жарияланған.

Үндеу авторларының пікірінше, Мессидің турнир кезіндегі кейбір әрекеттері "спорттық этика мен өзара құрмет қағидаттарына қайшы келеді".

Финалдағы әрекеті сынға алынды

Петиция авторлары әсіресе финалдағы Мессидің реакциясы мен марапаттау рәсімі кезіндегі іс-әрекетін сынға алды.

Еске салайық, Испания финалда Аргентинаны қосымша уақытта Ферран Торрестің голының арқасында 1:0 есебімен жеңген болатын.

Айта кетейік, Лионель Месси 2026 жылдың 3 маусымында Астурия ханшайымы атындағы спорт сыйлығының иегері деп жарияланған еді.

Қазылар алқасы оның футболдағы даңқты мансабын, қайырымдылық қызметін, алаңдағы үлгілі мінез-құлқын, қарапайымдылығы мен командалық ойынға адалдығын жоғары бағалаған. Беделді сыйлықты салтанатты түрде табыстау рәсімі биыл қазан айында өтуі тиіс.