Дастан Сәтпаев EA Sports FC 27 ойынына қосылды
SoFIFA порталының мәліметінше, оның бастапқы рейтингі 66, ал өсу потенциалы 82 деп бағаланған.
Қазақстандық жас футболшы Дастан Сәтпаев әйгілі EA Sports FC 27 футбол симуляторының деректер базасына енгізілді.
Бұл серия бұрын FIFA атауымен танымал болған. Қазір ойын EA Sports FC брендімен шығарылады. SoFIFA порталының мәліметінше, қазақстандық футболшының ойындағы жалпы рейтингі 66 деп көрсетілген.
Ал оның өсу потенциалы 82 баллға бағаланып отыр. Бұл көрсеткіш Сәтпаевтың ойында болашағы бар жас таланттардың бірі ретінде қарастырылғанын аңғартады.
Ойынға қосылуына сәтті дебюті әсер етті
Дастан Сәтпаевтың EA Sports FC 27 базасына енуіне оның "Челси" сапындағы сәтті дебюті себеп болғаны айтылып отыр.
Sydney Super Cup халықаралық турнирі аясында "Челси" австралиялық "Вестерн Сидней Уондерерс" клубымен кездескен еді. Сол матчта Сәтбаев алғаш рет "ақсүйектер" сапында алаңға шығып, бірден гол соқты.
EA Sports FC 27 футбол симуляторының тұсаукесері 25 қыркүйекке жоспарланған.