Ұлттар лигасы: Қазақстан құрамасы кіммен және қайда ойнайды?

Футбол шолушысы

УЕФА-ның ресми сайтында Қазақстан құрамасының 2026/2027 маусымындағы Ұлттар лигасы топтық кезеңіндегі барлық алты матчының өтетін орны жарияланды. 

Ұлттар лигасы: Қазақстан құрамасы кіммен және қайда ойнайды?
sport.orda.kz

Мачтар "Астана-Аренада" өтеді

Қазақстан құрамасы C3 тобында Словакия, Молдова және Фарер аралдары құрамаларымен бақ сынайды. Топтық кезеңдегі үш үй ойын "Астана-Арена" стадионында өтеді. 

Қазақстан үшін Ұлттар лигасының топтық кезеңі 26 қыркүйекте басталып, 16 қарашада аяқталады. Құрама турнирді екі сырт алаңдағы матчпен бастайды. Алдымен Фарер аралдарына қарсы ойнаса, кейін Словакиямен кездеседі.

Қазақстан құрамасының толық кестесі

26 қыркүйек. Фарер аралдары – Қазақстан
Стадион: "Торсведлюр", Торсхавн
Басталуы: 18:00, орталық еуропалық уақыт

29 қыркүйек. Словакия – Қазақстан
Стадион: "Кошице футбол аренасы", Кошице
Басталуы: 20:45, орталық еуропалық уақыт

2 қазан. Қазақстан – Молдова
Стадион: "Астана-Арена", Астана
Басталуы: 16:00, орталық еуропалық уақыт

6 қазан. Қазақстан – Фарер аралдары
Стадион: "Астана-Арена", Астана
Басталуы: 16:00, орталық еуропалық уақыт

13 қараша. Молдова – Қазақстан
Стадион: "Зимбру", Кишинев
Басталуы: 18:00, орталық еуропалық уақыт

16 қараша. Қазақстан – Словакия
Стадион: "Астана-Арена", Астана
Басталуы: 16:00, орталық еуропалық уақыт

Айта кетейік, УЕФА Ұлттар лигасының жалпы кезеңі 2026 жылғы 24 қыркүйекте басталып, 17 қарашада аяқталады.