"Қайраттың" алдағы матчтарына қатысты өзгерістер енгізілді
"Қайрат" футбол клубы Қазақстан Премьер-лигасы аясындағы өз алаңында өтетін матчтардың орны мен мерзімдеріне қатысты өзгерістер туралы мәлімдеді.
Алматылық клуб үш кездесу бойынша өзгерістер енгізілгенін хабарлады. Клубтың хабарлауынша, өзгерістер Алматы қаласындағы Орталық стадионда өтетін жаппай іс-шараға және нысанда жүргізілетін техникалық жұмыстарға байланысты енгізілген.
“Жеңіспен” матч кейінге шегерілді
ҚПЛ-дың 21-тур аясында “Қайрат” пен “Жеңіс” командалары арасындағы 8 тамызға жоспарланған кездесу басқа күнге ауыстырылды. Матчтың нақты өткізілетін уақыты кейінірек жарияланады.
Ал 15 тамызға белгіленген “Қайрат” – “Ұлытау” кездесуі Алматыдағы Т.С.Сегізбаев атындағы “Қайрат” ФК академиясының алаңында өтеді.
“Ертіспен” өтетін матч уақыты ауыстырылды
22 тамыз күні “Ертіспен” өтуі тиіс ойын да өзгеріссіз қалмады. Бұл шешімге Құрылтай сайлауын өткізу мәселесі себеп болған. Матчтың нақты күні туралы ақпарат қосымша беріледі.