ҚПЛ клубы ФИФА-ның трансферлік шектеуінен құтылды

Бас редактор

Талдықорғанның "Жетісу" клубы жаңа футболшыларды тіркеуге қойылған ФИФА тыйымынан босатылды. 

ҚПЛ клубы ФИФА-ның трансферлік шектеуінен құтылды
Vesti.kz

Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсететін "Жетісу" клубына қатысты маңызды ақпарат шықты. Талдықорғандық командаға қойылған трансферлік шектеу алынып тасталғаны хабарланды.

"Менің ақпаратым бойынша, "Жетісудан" ФИФА баны алынды және клуб енді жаңа футболшыларды қайта тіркей алады. Енді күшейтуді күтеміз: 16 тамызға дейін клуб еркін агенттермен келісімшарт жасай алады", — деп жазды AmanVIBE.

Шектеу мамыр айында қойылған еді

Еске салайық, "Жетісуға" қатысты шектеу биыл 12 мамырда енгізілген болатын.

Осы уақытқа дейін клуб жаңа ойыншыларды тіркеу мүмкіндігінен айырылған еді. Енді трансферлік банның алынуы командаға маусымның қалған бөлігінде құрамын толықтыруға жол ашады. Қазіргі ақпарат бойынша, "Жетісу" 16 тамызға дейін еркін агент мәртебесіндегі футболшылармен келісімшарт жасай алады.

Бұл мүмкіндік талдықорғандық клуб үшін турнирлік жағдайын жақсарту тұрғысынан маңызды болуы мүмкін.

"Жетісудың" ҚПЛ-дегі жағдайы

Биылғы Қазақстан Премьер-лигасы маусымында Қайрат Нұрдәулетов жаттықтыратын "Жетісу" 20 матч өткізді.

Команда осы кездесулерде 19 ұпай жинап, қазіргі уақытта турнир кестесінде 14-орында тұр.