ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Хави Еуропаның азулы құрамасын тізгіндеді

Испаниялық әйгілі маман Хави Эрнандес Нидерланд құрамасының жаңа бас бапкері атанды.

Хави Еуропаның азулы құрамасын тізгіндеді
goal.com

Алғаш рет ұлттық құрамамен жұмыс істейді

Бұл — Хави Эрнандестің бапкерлік мансабындағы ұлттық құрама деңгейіндегі алғашқы қызметі. Бұған дейін испаниялық маман тек клубтық футболда еңбек етті.

Айта кетейік, 46 жастағы Хави мансабында екінші рет Рональд Куманның ізбасары болып отыр. Ол 2021 жылы да нидерландтық бапкер кеткеннен кейін каталониялық "Барселонаның" тізгінін ұстаған. 

Енді дәл осындай жағдай Нидерланд құрамасында қайталанды.

Тағы кімдер үміткер болды?

Бұған дейін Нидерланд ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне бірнеше танымал маманның кандидатурасы қарастырылғаны хабарланған. Олардың қатарында Роберто Мартинес, Эрик тен Хаг және Петер Бос болды.

Соңғы ақпараттарда Хави мен Роберто Мартинестің KNVB қарастырған негізгі үміткерлердің қатарында болғаны айтылған.

Бапкерлік мансабындағы жаңа белес

Енді испаниялық маманның басты міндеттерінің бірі — "Қызғалдақтар елі" құрамасын ірі халықаралық турнирлерде жоғары нәтижеге жеткізу. KNVB-ның 2026–2030 жылдарға арналған даму стратегиясында да ұлттық құрамалардың ең ірі жарыстарда жеңіске жетуі негізгі мақсаттардың бірі ретінде көрсетілген.

Нидерланд футбол федерациясы (KNVB) Хавимен 2030 жылғы әлем чемпионаты аяқталғанға дейін келісімге келген.

Бұл туралы не ойлайсыз?