ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Криштиану Роналду "Әл-Насрға" жаңа образбен оралды (ФОТО)

Португалиялық футбол жұлдызы команда сапына жаңа шаш үлгісімен оралды.

Криштиану Роналду "Әл-Насрға" жаңа образбен оралды (ФОТО)
"Әл-Наср" ФК

41 жастағы шабуылшы шашын мыс түстес реңкке бояған. Саудиялық клуб әлеуметтік желідегі парақшасында Роналдудың жаңа бейнесін жариялап, “Ол оралды” деген жазба қалдырды. Футболшының өзі де жаңа образын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. 

Жаңа маусым

Португалиялық футбол жұлдызы Криштиану Роналду “Әл-Наср” сапына жаңа маусым басталардан екі күн бұрын қосылды. Футбол жұлдызы клубқа үйлену тойынан бірнеше күн өткен соң оралды.

Сауд Арабиясы чемпионатының 2026/27 маусымындағы алғашқы матчта “Әл-Наср” өз алаңында “Әл-Фатхты” қабылдайды. Кездесу 15 тамызда өтеді.

“Әл-Насрда” чемпион атанды

Роналдудың “Әл-Насрмен” қазіргі келісімшарты 2027 жылдың ортасына дейін жарамды. Португалиялық шабуылшы клуб сапында 2023 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Өткен маусымда футболшы командамен бірге Сауд Арабиясының чемпиондық атағын жеңіп алды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.