ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

ҚПЛ клубтары Құрылтай сайлауына қатысты үзілісті тиімді пайдаланбақ

Бірқатар клуб жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр. 

ҚПЛ клубтары Құрылтай сайлауына қатысты үзілісті тиімді пайдаланбақ
KazFootball.kz

Қазақстан чемпионатындағы уақытша үзіліс кезінде ҚПЛ клубтары дайындық процесін тоқтатпайды. Командалар ресми матчтар арасындағы паузаны тиімді пайдаланып, футболшылардың ойын тәжірибесін сақтап қалуға тырысады.

AmanVIBE дереккөзіне сүйенсек, үзіліс кезінде өтетін бақылау матчтарының бірі Павлодардың "Ертісі" мен Семейдің "Елімайы" арасында ұйымдастырылмақ.

Клубтар жолдастық кездесу арқылы апталық ойын ырғағын жоғалтпауға ниетті.

Келесі ресми матчтар қашан өтеді?

ҚПЛ-дегі келесі ресми кездесулер 29-30 тамыз күндеріне жоспарланған.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.