ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

ҚПЛ клубы түріктерге берешек

"Атырау" футбол клубының Түркиядағы қысқы оқу-жаттығу жиыны үшін берешегі әлі толық өтелмегені хабарланды.

ҚПЛ клубы түріктерге берешек
instagram.com/fc_atyrau/

Инсайдер Елдар Аманбаевтың мәліметінше, батысқазақстандық клуб түркиялық серіктестерімен әлі де толық есеп айырыспаған. "Атыраудың" Түркиядағы серіктестеріне берешегі 42 200 еуроға тең. 

Сонымен қатар инсайдер жиын аяқталғанына шамамен жеті ай болғанын, бірақ клубтың қаржылық міндеттемелері әлі толық орындалмағанын атап өтті.

"Мұнайшылар" 2026 жылғы маусым алдындағы қысқы оқу-жаттығу жиынын Түркияның Анталья қаласында өткізді. Команданың дайындығы 26 қаңтарда басталып, ақпан айының соңына дейін жалғасқан. Бір айға жуық уақыт ішінде атыраулықтар бірнеше шетелдік клубпен бақылау матчтарын өткізіп, жаңа маусымға дайындалды.

Одан кейін команда Қазақстанға оралып, ҚПЛ маусымындағы ойындарын бастады.

Әзірге "Атырау" ФК бұл ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.
 

Бұл туралы не ойлайсыз?