Футбол
Бөлімдер
Қазақстан Құрама

Месси қоштасу ойынына арналған ерекше жейдесін көрсетті

Аргентина құрамасының аңызы әрі капитаны Лионель Месси ұлттық құрамадағы қоштасу ойынына арнайы дайындалған формасын таныстырды.

Месси қоштасу ойынына арналған ерекше жейдесін көрсетті
instagram.com/leomessi

Мессидің әйгілі "ондығы" алтын түспен жазылған

Лионель Месси Instagram парақшасында арнайы видео жариялап, Аргентина сапындағы соңғы ойынына арналған экипировкасын көрсетті. Жейде ұлттық құраманың дәстүрлі көгілдір-ақ түстерінде жасалған. Артқы жағындағы тегі мен әйгілі 10-нөмір алтын түспен жазылған.

Сонымен қатар аргентиналық жұлдыз қоштасу кездесуінде киетін арнайы бутсыларын да көпшілік назарына ұсынды.

"Соңғы матч... Өмір бойына сақталатын жейде", – деп жазды Месси жарияланымында.

Аргентина құрамасындағы мансабын аяқтайды

Бұған дейін Лионель Месси 31 тамызда Аргентина құрамасындағы мансабын аяқтайтынын ресми түрде жариялаған. Футболшы бұл шешімін әлем чемпионатының финалынан кейін әлеуметтік желі арқылы мәлімдеген.

Осылайша әлем футболының ең танымал ойыншыларының бірі ұлттық құрамадағы ұзақ жылдарға созылған мансабына нүкте қоймақ.

Мессидің Аргентина құрамасындағы қоштасу кездесуі 6 қазанда өтеді. Аргентина құрамасы Буэнос-Айрестегі әйгілі "Монументаль" стадионында Бенин командасын қабылдайды.

Бұл кездесу Лионель Мессидің Аргентина жейдесіндегі соңғы матчы болмақ.

Бұл туралы не ойлайсыз?