Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Ордабасы" танымал бапкерге көз тікті

Шымкенттіктер бас бапкер қызметіне тәжірибелі Григорий Бабаян үміткерлердің бірі ретінде қарастырылып жатыр.

"Ордабасы" танымал бапкерге көз тікті
sportnews.kz

Астанадан Шымкентке? 

KazFootball.kz мәліметінше, елордалық "Астананы" жаттықтырып жүрген 46 жастағы Григорий Бабаян Қазақстанның жаңа чемпионы "Ордабасыны" басқаруы мүмкін. Алайда тараптардың келіссөздері мен ықтимал тағайындауға қатысты әзірге ресми ақпарат жарияланған жоқ.

Григорий Бабаян – Қазақстан футболындағы тәжірибелі бапкерлердің бірі. Ол кәсіби мансабында "Алма-Ата", Қазақстан құрамасы және Мәскеудің ЦСКА клубында жаттықтырушының көмекшісі қызметін атқарған.

Бас бапкер ретінде Қостанайдың "Тобылы" мен елордалық "Астананы" басқарды.

Маманның басты жетістіктері:

  • 2018 және 2022 жылдары "Астанамен" Қазақстан чемпионы атанды;
  • 2024 жылы Лига кубогын жеңіп алды;
  • 2020 жылы "Тобылды" Қазақстан Премьер-лигасының күміс жүлдесіне жеткізді;
  • Жаттықтырушының көмекшісі ретінде сегіз мәрте ел чемпиондығын тойлады;
  • Қазақстан кубогы мен Суперкубогын бірнеше рет жеңіп алды.

Сонымен қатар Бабаян үздік бапкер атағына да ие болған.

Еурокубоктарда мол тәжірибесі бар

Григорий Бабаянның есімі "Астананың" халықаралық аренадағы тарихи жетістіктерімен тығыз байланысты.

Ол Станимир Стойловтың жетекшілігімен жұмыс істеген кезеңде елордалық клуб 2015/2016 жылғы маусымда Қазақстан футболы тарихында алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алды.

Сондай-ақ "Астана" Еуропа лигасының топтық кезеңінде бірнеше мәрте өнер көрсетіп, турнирдің 1/16 финалына дейін жетті.

Кейін Бабаян бас бапкер ретінде де елордалық команданы Конференция лигасының топтық кезеңіне шығарды.

Бұл туралы не ойлайсыз?