Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Ертісті" құтқарған бапкер командадан кетпек

Команданың бас жаттықтырушысы Ерлан Шойтымов Қазақстан Премьер-лигасының 2026 жылғы маусымы аяқталғаннан кейін қызметінен кетпек. 

"Ертісті" құтқарған бапкер командадан кетпек
Instagram/@ertis_fk

Ерлан Шойтымов "Ертістен" неге кетеді?

Дереккөздің хабарлауынша, 46 жастағы қазақстандық маман үшін Қазақстан чемпионатының соңғы турында өтетін кездесу павлодарлық клубтың тізгініндегі ақырғы матч болмақ.

Әзірге Ерлан Шойтымовтың қызметінен кетуіне не себеп болғаны белгісіз. Сонымен бірге "Ертіс" басшылығы бұл ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Команданы қиын жағдайдан алып шықты

Ерлан Шойтымов павлодарлық команданы Қазақстан Премьер-лигасының 21-туры аяқталғаннан кейін қабылдаған.

Сол кезде бес дүркін Қазақстан чемпионы турнир кестесінің соңғы сатысында орналасып, жоғары дивизиондағы орнын жоғалту қаупіне тап болған еді.

Дегенмен жаңа бапкердің жетекшілігімен "Ертіс" нәтижесін жақсарта бастады. Шойтымов басқарған сегіз кездесуде команда маңызды ұпайлар жинап, қауіпті аймақтан шыға алды.

Нәтижесінде павлодарлық клуб келесі маусымда да Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсету мүмкіндігін сақтап қалды.

Қазақстан чемпионатының 29 турынан кейін "Ертістің" еншісінде 29 ұпай бар. Павлодарлық ұжым турнир кестесінде 12-орында тұр.

Бұл туралы не ойлайсыз?