Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Екі жұлдыздан үш гол: Нани мен Мозес ҚПЛ-де қандай нәтиже көрсетті?

Қазақстан премьер-лигасының 2026 жылғы маусымында "Ақтөбе" сапында Луиш Нани, ал "Қайсар" құрамында Виктор Мозес өнер көрсетті.

Екі жұлдыздан үш гол: Нани мен Мозес ҚПЛ-де қандай нәтиже көрсетті?
instagram.com/fcaktobe_official/

Кімнің көрсеткіші жоғары?

Ағылшын премьер-лигасында ойнаған қос футболшының Қазақстанға келуі маусымның елеулі оқиғаларының бірі болды. Португалиялық Нани нәтижелі пас санымен көзге түссе, нигериялық Мозес гол соғу жағынан алда тұр.

Луиш Нани биыл "Ақтөбе" сапында 23 ойын өткізді. Осы матчтарда 1 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді. Ал Виктор Мозес "Қайсардың" жейдесін 17 матчта қорғады. Екі гол соғып, командаластарына осынша нәтижелі пас шығарды.

"Гол+пас" жүйесі бойынша Нани алты нәтижелі әрекетімен маусымды аяқтады. Мозестің еншісінде төрт нәтижелі әрекет бар.

Нани мансабын аяқтады, Мозестің болашағы белгісіз

Маусым аяқталғаннан кейін Луиш Нани кәсіби футболмен қоштасатынын екінші рет мәлімдеді.

Ал Виктор Мозестің "Қайсардағы" болашағы әзірге белгісіз. Қызылордалық команда чемпионат қорытындысы бойынша Бірінші лигаға түсіп қалғандықтан, нигериялық легионердің клубтан кетуі ықтимал.

Луиш Нани жанкүйерлерге ең алдымен "Манчестер Юнайтед" пен "Спортингтегі" ойынымен таныс. Португалиялық футболшы мансабында "Фенербахче", "Валенсия", "Лацио", "Орландо Сити", "Венеция", "Мельбурн Виктори", "Адана Демирспор" және "Эштрела Амадора" командаларының да намысын қорғаған.

Виктор Мозес Англияда "Кристал Пэлас", "Уиган", "Челси", "Ливерпуль", "Сток Сити", "Вест Хэм" және "Лутон" сапында өнер көрсетті. Сонымен қатар оның мансабында "Фенербахче", "Интер" және мәскеулік "Спартак" клубтары бар.

Бұл туралы не ойлайсыз?