"Ордабасы" екінші трофейін жеңіп алды
Шымкенттің "Ордабасы" ФК Қазақстан кубогының финалында "Қайсарды" 4:1 есебімен ойсырата жеңді.
"Ордабасы" финалда төрт гол соқты
Түркістанда тартысты өтеді деп күтілген ойында шымкенттік команда айқын басымдық танытып, қарсылас қақпасына төрт доп енгізді. "Ордабасы" сапында Эльхан Астанов, Сұлтанбек Астанов, Бьорн Йонсен және Дэвид Абагна мергендігімен көзге түсті.
"Қайсар" футболшылары бір голмен ғана жауап қайтарды. Осы жеңістің арқасында шымкенттіктер Қазақстан кубогының иегері атанды.
Бір маусымдағы екі трофей
2026 жылғы маусым "Ордабасы" үшін тарихи жетістіктермен есте қалды. Бұған дейін шымкенттік команда Қазақстан Премьер-лигасында топ жарып, клуб тарихында екінші рет ел чемпионы атанған.
Енді Қазақстан кубогын да қанжығасына байлаған "Ордабасы" маусымды алтын дубльмен аяқтады.
Ал қызылордалықтар үшін 2026 жылғы маусым көңіл көншітпейтін нәтижелермен аяқталды. "Қайсар" Қазақстан Премьер-лигасының турнирлік кестесінде 16 команданың ішінде соңғы орынға тұрақтады.
Соның салдарынан жоғары дивизиондағы орнынан айырылып, келесі маусымды Бірінші лигада өткізетін болды.