Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Ордабасы" – "Қайсар": Қазақстан кубогы финалының тікелей трансляциясы

"Ордабасы" – "Қайсар" кездесуі Қазақстан уақытымен 16:00-де басталады.

"Ордабасы" – "Қайсар": Қазақстан кубогы финалының тікелей трансляциясы
astanatv.kz

Бүгін, 7 қарашада* Түркістанда футболдан Қазақстан кубогының 2026 жылғы финалы өтеді. Шешуші кездесуде Шымкенттің "Ордабасы" мен Қызылорданың "Қайсар" клубтары трофейге таласады.

"Ордабасы" – "Қайсар" кездесуі Қазақстан уақытымен 16:00-де басталады.

Финалдық матчтың тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасы көрсетеді.

"Ордабасы" финалға қалай жетті?

Шымкенттік команда Қазақстан кубогында мына қарсыластарды жеңді:

  • "Академия Оңтүстік" – 4:2;
  • "Каспий" – 3:0;
  • "Жетісу" – 1:0;
  • "Алтай" – екі матч қорытындысы бойынша 5:2 (3:1, 2:1).

Осы нәтижелердің арқасында "Ордабасы" финалға жолдама алды.

"Қайсардың" турнирдегі жолы

Қызылордалық клуб финалға дейін:

  • "Таласты" – 2:0;
  • "Қайратты" – 2:1;
  • "Тобылды" – негізгі уақытта 1:1, пенальти сериясында 5:3;
  • "Жеңісті" – екі матчтың қорытындысы бойынша 5:4 (3:1, 2:3) есебімен жеңді.

Командалардың соңғы кездесуі 11 қазанда Қызылордада өтті. Сол матчта "Ордабасы" "Қайсарды" 4:1 есебімен жеңді.

Айта кетейік, 2026 жылғы маусым қорытындысы бойынша "Ордабасы" Қазақстан чемпионы атанды. Ал "Қайсар" Премьер-лигада соңғы орын алып, жоғарғы дивизионнан шығып қалды.

Енді шымкенттік клуб маусымды тағы бір трофеймен аяқтап, "алтын дубль" жасауға мүмкіндік алса, "Қайсар" Қазақстан кубогын жеңіп, маусымды жүлдемен түйіндеуге тырысады. 

Бұл туралы не ойлайсыз?