"Қайрат" португалиялық қорғаушымен келісімшартты ұзартты
Алматылық "Қайрат" португалиялық Луиш Матамен жаңа келісімге қол қойды.
Матаның "Қайраттағы" көрсеткіштері
Португалиялық қорғаушы алматылық клубта 2025 жылдың наурызында қосылған. Содан бері негізгі құрамнан тұрақты орын алып, команданың сенімді ойыншыларының біріне айналды.
Мата "Қайрат" жейдесімен өткізген 79 ресми кездесуде үш гол соғып, тоғыз нәтижелі пас берген.
Клубтың мәліметінше, Луиш Мата биылғы маусымда бір ғана матчқа қатыспаған. Ал командаға келгеннен бері "Қайраттың" барлық ресми кездесуінің 92 пайызына қатысқан. Бұл — аталған кезеңдегі клуб футболшылары арасындағы ең жоғары көрсеткіш.
Алматылық ұжым қорғаушыны келісімшартының ұзартылуымен құттықтап, сары-қаралар сапында жаңа жеңістер тіледі.
Келесі еурокубок матчы қашан өтеді?
Рафаэль Оразбахтин қызметінен кеткеннен кейін команданың бас бапкері міндетін атқарушы болып Жора Арутюнян тағайындалды. 34 жастағы маман бұған дейін клубтың жастар құрамын жаттықтырған.
"Қайрат" 26 қарашада швециялық "Мьельбюді" қабылдайды. Кездесу УЕФА Конференциялар лигасының жалпы кезеңіндегі төртінші тур аясында өтеді.