95-минуттағы гол Қазақстанды жеңістен айырды
Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының 2026/27 жылғы маусымындағы соңғы кездесуінде Словакиямен 2:2 есебімен тең түсті.
Чесноков есеп ашып, Вороговский қайта алға шығарды
Кездесудің алғашқы бөлігінде қауіпті сәттер аз болды. Бірақ 29-минутта Ислам Чесноков Қазақстан құрамасын алға шығарғаннан кейін ойын жанданды. Екі команда да шабуылға шығып, қарсылас қақпасына қауіп төндіре бастады.
Екінші таймның басында Словакия таразы басын теңестірді. Роберт Боженик айып алаңының ортасынан баспен дәл соққы жасады.
Қазақстан құрамасы бұған Ян Вороговскийдің голымен жауап берді. Ол айып алаңы ішінен допты қақпаның алыс бұрышына бағыттап, алаң иелерін қайта алға шығарды.
Капралик 95-минутта есепті теңестірді
Қазақстан жеңіске жақын тұрғанымен, басымдықты соңына дейін сақтай алмады. 95-минутта Адриан Капралик мергендік танытып, матчтың қорытынды есебін орнатты.
Осы нәтижеден кейін Қазақстан құрамасының еншісінде үш ұпай болды. Ұлттық команда С дивизионының үшінші тобын соңғы, төртінші орында аяқтады.
Қазақстан мен Словакияның бастапқы құрамы
Қазақстан: Покатилов, Әшірбек, Малый, Жұмаханов, Әліп, Исламхан, Тапалов, Қараман, Вороговский, Чесноков, Кенжебек.
Словакия: Родак, Месик, Крчик, Шатка, Палишчак, Рига, Покорны, Небыла, Гараслин, Боженик, Прекоп.