Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Елімайға" жаңа бас бапкер келді

Семейдің "Елімай" клубын 43 жастағы шотландиялық маман Питер Левен жаттықтырады.

"Елімайға" жаңа бас бапкер келді
dailyrecord.co.uk

Қандай командаларда жұмыс істеді?

Левен 2025 жылы Шотландия кубогын жеңіп алған "Абердиннің" бапкерлер штабында қызмет атқарды. Сонымен қатар үш рет осы команданың бас бапкері міндетін уақытша орындаған.

Бұған дейін шотландиялық маман "Орынборда" Марцел Личканың көмекшісі болды. Ресейлік клуб 2022 жылы Премьер-лигаға жолдама алған.

Левен Брестің "Динамо" клубында еңбек еткен кезеңде команда бірнеше трофей иеленді:

  • 2018 жылы — Беларусь кубогы;
  • 2019 жылы — Беларусь чемпионаты;
  • 2019 және 2020 жылдары — ел Суперкубогы.

"Рейнджерс" түлегінің футболдағы жолы

Питер Левен — "Рейнджерс" академиясының түлегі. Ойыншы ретінде 300-ден астам матч өткізіп, "Килмарнок" пен "Милтон-Кинс Донс" клубтарының намысын қорғаған. Шотландияның жастар құрамасында да өнер көрсеткен.

Семейлік ұжымды бұған дейін Андрей Карпович басқарды. Ол қазан айының соңында қызметінен кеткеннен кейін, чемпионаттың соңғы турында команданы алаңға бас бапкер міндетін атқарушы Серікбек Қаппаров бастап шықты.

"Елімай" Қазақстан Премьер-лигасының 2026 жылғы маусымын алтыншы орында аяқтады. 30 кездесуде 45 ұпай жинады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Клуб беті: Елімай 6-орын