Қазақстан Еуро-2027 іріктеуінде топ жеңімпазы атанды
Футболдан Қазақстанның 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Еуро-2027 іріктеуінің алғашқы кезеңін жеңіліссіз аяқтады.
Грузиямен тең ойын топтағы орынды бекітті
Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі соңғы кездесуін 17 қарашада Кутаисиде өткізді. Алаң иелері Грузия жасөспірімдерімен өткен матч 1:1 есебімен аяқталды.
Бұл нәтиже қазақстандық футболшыларға топ көшін сақтап қалуға мүмкіндік берді. Екі ойында бір жеңіске жетіп, бір рет тең түскен команда төрт ұпай жинады.
Алғашқы іріктеу кезеңінде Қазақстан U-17 құрамасы қарсыластар қақпасына сегіз доп соғып, өз қақпасына бір ғана гол жіберді.
14-топтың қорытынды кестесі:
- Қазақстан U-17 4 ұпай
- Грузия U-17 2 ұпай
- Австрия U-17 1 ұпай
Грузия құрамасы екі ұпаймен екінші сатыға тұрақтады. Ал бір ұпай еншілеген Австрия соңғы орында қалды. Олардың соққан және жіберген доптарының арақатынасы – 0:7.
А лигасында ойнайды
Топты бірінші орынмен аяқтаған Қазақстан жасөспірімдері Еуро-2027 іріктеуінің екінші раундына жолдама алды. Енді құрама Еуропа чемпионатына қатысу үшін күресті А лигасында жалғастырады.