Қазақстан құрамасын баптайтын үміткерлер белгілі болды
Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне үміткер мамандардың тізімін жасақтады.
Кім жаттықтыруы мүмкін?
ASnews.kz мәліметінше, Қазақстан футбол федерациясы бас бапкерлік қызметке жеті маманды қарастырып жатыр. Әзірге олардың үшеуінің есімі белгілі болды.
Ұлттық құраманың тізгінін ұстауға үміткер шетелдік мамандар:
- Паулу Бенту – португалиялық жаттықтырушы;
- Валид Реграги – француз-марокколық маман;
- Кевин Мускат – австралиялық бапкер.
Қалған төрт үміткердің кім екені әзірге жарияланған жоқ. Федерацияның нақты қай маманға басымдық беріп отырғаны да белгісіз.
Джон ван ’т Шкип Қазақстан құрамасынан кетеді
Бұған дейін ҚФФ бас хатшысы Скотт Манн нидерландылық маман Джон ван ’т Шкиптің УЕФА Ұлттар лигасының 2026/27 жылғы маусымы аяқталғаннан кейін ұлттық құрамадағы жұмысын жалғастырмайтынын мәлімдеген.
Оның жетекшілігімен Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының С дивизионында алты кездесу өткізді. Алайда бірде-бір матчта жеңіске жете алмады.
Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы нәтижесі:
6 матч;
3 тең ойын;
3 жеңіліс;
0 жеңіс.
Қазақстан Словакия, Фарер аралдары және Молдова құрамаларымен бір топта өнер көрсетіп, соңғы орынға тұрақтады.