"Мінсіз комбинация": УЕФА "Қайраттың" голына тәнті болды
Конференциялар лигасының ресми аккаунты "Қайраттың" голы түсірілген видеоны жариялап, шабуыл кезіндегі комбинацияны ерекше атап өтті.
УЕФА Конференциялар лигасының ресми Instagram парақшасы "Қайраттың" "Аталантаға" қарсы матчта соққан голына назар аударды.
Еурокубоктың жалпы кезеңіндегі үшінші турда алматылық клуб Италияда "Аталантамен" 1:1 есебімен тең ойнаған еді.
Конференциялар лигасының ресми аккаунты "Қайраттың" голы түсірілген видеоны жариялап, шабуыл кезіндегі комбинацияны ерекше атап өтті.
"Эдмилсон алаңды керемет көре білді, ал Гуаль қалған жұмысты аяқтады. Мінсіз комбинация", – деп жазылған видео сипаттамасында.
"Қайрат" Бергамода есеп ашқан
"Аталанта" – "Қайрат" матчы 5 қарашада Бергамода өтті.
Кездесудің 53-минутында Марк Гуаль алматылық команданы алға шығарды. Алайда алаң иелері ойын соңына қарай есепті теңестірді. 82-минутта Никола Крстович гол соғып, қорытынды есепті 1:1 етті.
"Қайрат" Конференциялар лигасындағы келесі кездесуін 26 қарашада өткізеді. Алматылық клуб өз алаңында Швецияның "Мьельбю" командасын қабылдайды.