Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Шалькеден" Шымкентке дейін. "Ордабасының" жаңа бапкері кім?

Шымкенттің "Ордабасы" футбол клубын бельгиялық маман Карел Герартс тізгіндеді. 

"Шалькеден" Шымкентке дейін. "Ордабасының" жаңа бапкері кім?
instagram.com/fc__ordabasy/

Жаңа бапкердің тағайындалғанын клубтың тең иесі әрі амбассадоры Бейбіт Әлібеков әлеуметтік желіде хабарлады.

"Карел Герартс – "Орданың" жаңа бапкері. Ол бұған дейін "Юнион", "Шальке" және "Реймс" клубтарын жаттықтырған", – деп жазды Әлібеков.

44 жастағы Герартс Бельгияның "Юнионын" 57 матчта басқарып, команданы Еуропа лигасының ширек финалына шығарған. Кейін Германияның "Шалькесінде" 33 ойын өткізді. Бельгиялық маманның "Ордабасыға" дейінгі соңғы клубы Францияның "Реймсі" болды. Герартс бұл команданы 40 матчта жаттықтырып, 2026 жылдың мамырында клубтан кетті.

Молдовалық маман Андрей Мартиннің жетекшілігімен "Ордабасы" клуб тарихында алғаш рет "алтын дубль" жасады. Шымкенттіктер Қазақстан чемпионатында топ жарып, Түркістанда өткен ел кубогының финалында Қызылорданың "Қайсарын" 4:1 есебімен жеңді.

Бұл туралы не ойлайсыз?