Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Қайрат" — "Мьельбю": матч қашан басталады, қайдан көруге болады және кім фаворит?

Алматылық "Қайрат" 26 қарашада УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі 4-турда Швецияның былтырғы чемпионы "Мьельбюді" қабылдайды.

"Қайрат" — "Мьельбю": матч қашан басталады, қайдан көруге болады және кім фаворит?
instagram.com/mjallbyaifs/

Матчты қайдан көруге болады?

Ойынды Qazsport телеарнасы тікелей көрсетеді. Арнаның ресми кестесі бойынша матч алдындағы студия 19:50-де, ал стадионнан тікелей эфир 20:20-да басталады.

"Мьельбю" – теңіз жағасындағы Хеллевик ауылының клубы. Мұнда 1,5 мыңдай адам тұрады, ал команданың стадионына 7,5 мың көрермен сыяды. Клуб өткен маусымда Швеция чемпионатының аяқталуына үш тур қалғанда ел чемпионы атанған. Биыл ішкі біріншілікте 12-орынға түсті.

Швеция чемпионы Чемпиондар лигасының іріктеуінде Гибралтардың "Линкольн Ред Импс" клубынан өтті, кейін "Слованға" есе жіберді. Еуропа лигасының плей-оффында "Зальцбургтен" ірі есеппен ұтылған команда Конференция лигасының жалпы кезеңіне түсті.

"Қайрат" пен "Мьельбю" төртінші турға қалай келді?

"Мьельбю" үш турда 7 ұпай жинап, 9-орынға жайғасты. Швециялықтар өз алаңында Андорраның "Интер Эскальдес" клубын және Боснияның "Борацын" жеңді, ал Грузияда "Ибериямен" тең түсті.

"Қайрат" 2 ұпаймен 27-орында, плей-офф аймағынан тыс тұр. Алматылық клуб сырт алаңда "Рига" және "Аталантамен" бірдей есеппен (1:1) тең түсіп, өз алаңында "Панатинаикостан" 1:5 есебімен жеңілді.

Букмекерлер Алматыдағы кездесуде "Қайратты" фаворит санайды. Transfermarkt "Мьельбю" құрамын 17,3 млн еуроға, ал "Қайратты" 11,3 млн еуроға бағалаған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Клуб беті: Қайрат 2-орын