Дастан Сәтпаев "Бернлидің" жеңісін командамен бірге тойлады
Қазақстандық шабуылшы Англия Чемпионшипінің 18-турында "Миллуоллды" 1:0 есебімен жеңген "Бернли" ойыншыларымен бірге жеңісті атап өтті.
Командаластарымен бірге жеңісті тойлады
Англиялық клуб Instagram желісіндегі ресми парақшасында матчтан кейін киім ауыстыратын бөлмеде түсірілген суретті жариялады. Фотода қазақстандық футболшының да командаластарымен бірге жеңіс қуанышын бөліскені байқалады.
"Бернли" аталған жазбаға "Команда" деген қысқа сипаттама қалдырып, жұдырық эмодзиін қосқан.
Сәтпаев жарақатынан әлі айыққан жоқ
"Миллуоллға" қарсы кездесуде "Бернлиге" жеңіс әкелген жалғыз голды 59-минутта Джейдон Банел соқты. Ал Дастан Сәтпаев жарақатынан толық айықпағандықтан, бұл матчқа қатысқан жоқ.
Англия Чемпионшипінің 18 турынан кейін "Бернли" 14 ұпай жинап, турнирлік кестеде 22-орында тұр.
Дастан Сәтпаевтың командасы келесі кездесуін 6 желтоқсанда "Престонға" қарсы өткізеді.