Қазақстан құрамасының ойыншысы Ресейге ауысты
Бұл туралы «Сочи» клубы ресми түрде хабарлады.
«Сочи» 26 жастағы шабуылшы Артур Шушеначевты израильдік «Хапоэльден» жалға алды.
Шушеначев былтырғы маусымда аталған команда сапында 16 матч өткізіп, 2 гол соқты.
Айта кетейік, ойыншыны израильдік ұжымнан жалға алу мерзімі сатып алу құқығымен маусым соңына дейін есептелген.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.