«Қайраттың» бұрынғы ойыншысы спорттық мансабын аяқтады
Қорғаушы позициясында ойнаған Виктор Васин бутсасын 35 жасында шегеге ілді.
sportbox.ru
Виктор Васин футболдық ғұмырында «Спартак» Нальчик, «Нижний Новгород», «Мордовия», ЦСКА және УФА сапында өнер көрсетті.
Соңғы рет алматылық «Қайрат» командасында ойнады. 2022-2024 жылдар аралығында Васин сары-қаралар үшін 68 матч өткізіп, 4 голдың авторы атанды.
Спорттық мансабында Ресей Кубогы мен Ресей біріншілігінің жеңімпазы атанды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet