Чемпиондар лигасы: «Қайрат» молдовалық клубты ойсырата жеңді
Алматылық клуб қарсылас қақпасына 4 гол соқты.
Футболдан 19 жасқа дейінгі ерлер арасында Чемпиондар лигасы бірінші кезеңінің қарымта кездесулері өтті. Алматылық «Қайрат» сырт алаңда «Раду Ребеж академиясы» командасымен ойнап, жеңіске жетті. Есеп 1:4. Ал екі кездесу қорытындысы - 6:2.
Енді «Қайрат» екінші айналымда Испанияның «Бетисімен» кездеседі. Үшінші айналымға жолдама алса, «Даугавпилс» (Латвия) – «Клифтонвилл» (Н. Ирландия) жұбының жеңімпазымен ойнайды.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.