Премьер-лига: Бүгін 22-ші тур ойындары өтеді
Сағат 14:00-де «Қызылжар» (Петропавл) мен «Ордабасы» (Шымкент), ал 16:00-де «Жетісу» (Талдықорған) мен «Елімай» (Семей) кездеседі.
Бұл турдағы негізгі ойын 4-ші қазанда «Ақтөбе» мен «Қайрат» (Алматы) арасында болады. Командалар биыл жүлделі орындарға қол жеткізуді алдына мақсат етіп отыр. Сондықтан жанкүйерлер тартысты кездесу күтетіні сөзсіз.
Ал 15 қыркүйекте 16:00-де «Атырау» мен «Тұран» (Түркістан), «Жеңіс» (Астана) мен «Тобыл» (Қостанай) жасыл алаңға шығады.
«Астана» мен «Шахтер» (Қарағанды) кездесуі 16 қазанға шегерілді.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.