Әбікеннің «крышасы» кім? ҚФФ өкілі жауап берді

Редактор Penalty.kz
12.10.2024, 19:39

Бұған дейін «Бірінші бол» ютуб арнасының жүргізушісі Олжас Байбосын арнайы видео түсіріп «Әбікеннің крышасы кім?» деп сауал тастаған болатын.

Әбікеннің «крышасы» кім? ҚФФ өкілі жауап берді
kaz.nur.kz

Қазақстан футбол федерациясының ресми өкілі әрі белгілі журналист Ермұхаммед Мәулен танымал комментатор Олжас Байбосынның «Әбікеннің крышасы кім?» деп сауалына жауап берді. Мәуленнің пікірінше, допинг дауына ұшырап, 2 жылдан кейін бірінші мәрте ұлттық құраманың негізгі құрамында алаңға футболшыны жерден алып, жерге салу орынсыз. 

«Допинг дауына ұшырап 2 жыл кәсіпқой деңгейде футбол ойнай алмады. Енді содан шығып, алаңға қайта оралып, бірінші мәрте ұлттық құраманың негізгі құрамында алаңға шығып еді – жанкүйер жағы талап-жеп барады. Иә, оның ойын тәжірибиесі жоқ шығар. Ол араға 2 жыл салып ұлттық құрама сапына қайта келіп отыр. Мұндай кезде ең маңызды деген орталық алаңда ойнайтын жартылай қорғаушыға қолдау қажет еді ғой. Жоқ, біз болсақ керісінше жерден алып, жерге саламыз. Кезінде еңбегі бар еді, ұлттық құрамаға әлі де берері мол қазақтың баласы еді ғой деу атымен жоқ», - деп жазады Мәулен.

ҚФФ өкілінің айтуынша, Айбол Әбікен қазақ футболындағы дарынды ойыншылардың бірі. Оны сонау жасөспірімдер құрамасында жүрген кезінен бері дәлелдеп келеді. Қазірдің өзінде де, Ұлттық құрамадағы 26 ойыншының ішінде физикалық даярлығы ең күшті футболшы. 

«Станислав Черчесов және федерация басшылығы Австрия жерінде жүргенде арнайы мамандар жалдап, Қазақстан құрамасының футболшыларының физикалық жағдайын тексерген. Соның қорытындысы бойынша Айбол Әбікен Ұлттық құрамадағы 26 ойыншының ішіндегі физикалық даярлығы ең күшті, әрі ең шыдамды (выносливость) футболшы болып шықты. Дәрігерлер мен ғылыми қызметкерлер бұл ойыншы мынандай көрсеткіштерімен алдағы уақытта тек қана прогресс жасайды деп қорытынды жасап берді. Забицер, Зайвальд және Лаймер секілді Бундеслиганың ТОП клубтарында ойнайтын тісқаққан жартылай қорғаушыларға ортада жүріп қарсы ойнау дәл қазір Айбол үшін қиын. Бірақ, алдағы уақытта Айбол Әбікен негізгі құрамның нағыз орталық сардарына айналады деп күтемін өз басым», - деді Ермұхаммед Мәулен.

Еске сала кетейік, Ұлттар лигасы аясында өткен Қазақстан – Австрия матчынан кейін футбол жанкүйерлері Айбол Әбікенді қатаң сынға алған еді. «Бірінші бол» ютуб арнасының жүргізушісі Олжас Байбосын арнайы видео түсіріп, «Айбол Әбікенді ұлттық құрамаға шақырған кім?» деген мәселе көтерген болатын. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 4
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір