Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Гвардиола: Фергюсон футбол тарихындағы ең ұлы бапкер

Редактор Penalty.kz
20.10.2024, 12:48

Сэр Алекс «Манчестер Юнайтед» клубында 26 жыл жұмыс істеп, 13 Премьер-Лига титулын жеңіп алған.

vedomosti.ru
vedomosti.ru

"Манчестер Сити" клубының бас бапкері Хосеп Гвардиола сэр Алекс Фергюсонды футбол тарихындағы ең ұлы жаттықтырушы деп атады.

016 жылы «Сити» клубының бас бапкері болып тағайындалғаннан бері Гвардиола үлкен жетістіктерге жетті. Соған қарамастан испан маманы өзін әлемнің үздік бапкері атағына үміткер емес екенін айтады.
Фергюсонмен салыстырудың өзі үлкен құрмет дейді Гвардиола.

«Осы елде және бүкіл әлемде сэр Алекс Фергюсон — ең үздік. Уақыт тұрғысынан, команданы өзгерту жағынан, трофейлер санынан ол үздік...»

«Фергюсон сияқты бапкерлердің деңгейіне жақын болу — мен үшін үлкен құрмет. Бұл менің ғана емес, барлық персоналдың, ассистенттердің және барлық ойыншылардың еңбегі».

«Жұрт "Пеп — ең үздік жаттықтырушылардың бірі" деуі ойыншылар мен ассистенттерімнің арқасы. Осы түсінікті қалыптастырған солар. Мен үшін сол жеткілікті».

Сонымен қатар, Гвардиола Юрген Клопп, Жозе Моуриньо және Микель Артета сияқты жаттықтырушылардың оны жетілдіре түскенін де ерекше атап өтті. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір