Германия құрамасының және «Ливерпульдің» бұрынғы футболшысы Дитмар Хаманн Португалия құрамасының көшбасшысы Криштиану Роналдуды өзімшілдігі үшін сынға алды.
Германия құрамасының және «Ливерпульдің» бұрынғы футболшысы Дитмар Хаманн Португалия құрамасының көшбасшысы Криштиану Роналдуды өзімшілдігі үшін сынға алды. Оған Ұлттар лигасы топтық кезеңінің төртінші турында Шотландияға қарсы өткен матчтан (0:0) кейінгі Роналдудың әрекеттері себеп. Португалиялық ойыншы кездесудің нәтижесі мен төрешілікке қатысты өз наразылығын ашық білдіріп, эмоцияға берілген.
Хаманнның пікірінше, Португалия құрамасы Роналдусыз да нәтижеге қол жеткізе алады.
«Криштиану өзінің мансабының аяқталып келе жатқанын сезіп жүр, сондықтан ол Шотландиямен матчта осылай әрекет етті деп ойлаймын. Оның эгосы өзін бүгінгі деңгейге жеткізді. Бірақ маған оның Еуропа чемпионатындағы мінез-құлқы ұнаған жоқ – ол Португалияның мүддесінен гөрі өзін жоғары қойды.
Қазір Роналду команданың мүддесін өзікінен жоғары қоюға басымдық беруі керек. Мен бапкердің құрамды жасақтауға қаншалықты ықпал ететінін айта алмаймын, бұл үлкен мәселе.
Егер Криштиану Роналду өз мансабында 1000 голдан асып кетсе, мен қатты таң қаламын. Менің ойымша, ол бұлай ұзақ ойнай алмайды», – деді Хаманн Flashscore-қа берген сұхбатында.
Айта кетейін, Ұлттар лигасы аясындағы төрт ойынның қорытындысы бойынша португалдар 10 ұпаймен А дивизионының 1-ші тобында көш бастап тұр. Одан кейін Хорватия (7), Польша (4) және Шотландия (1) командалары келеді.