«Реал» тасқыннан зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсетті
Мадридтік клуб 1 млн еуро көлемінде қайырымдылық көмек жасады.
football24.ua
Мадридтік «Реал» футбол клубы Испанияда су тасқынынан зардап шеккендерге 1 млн еуро көлемінде қайырымдылық көмек жасады.
Испанияның Валенсия провинциясында жақында қатты жаңбыр жауып, соңы алапат тасқынға ұласқан болатын.
Соның салдарынан 100-ден астам адам қаза тапты. Инфрақұрылымға айтарлықтай зақым келді. Электр қуаты мен байланыс үзіліп, көпірлер қирады.
Испания Корольдік футбол федерациясы Ла Лига мен Сегундадағы бес матчты, соның ішінде 2 қарашада өтуі тиіс болған «Валенсия» мен «Реал» арасындағы ойынды кейінге қалдырды.
«Реал» сондай-ақ Қызыл Крестпен бірлесе отырып, зардап шеккендерге арналған қаражат жинауды бастайтынын жариялады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet