"Ол "Алтын допты" 5 рет алуы керек еді": Буффон өзіне қарсы ойнаған үздік ойыншы жайлы

Спорт шолушысы

Даңқты қақпашы бұл туралы Corriere della Sera берген сұхбатында айтты. 

"Ол "Алтын допты" 5 рет алуы керек еді": Буффон өзіне қарсы ойнаған үздік ойыншы жайлы
sport.24tv.ua

Әлем чемпионы, ПСЖ мен Ювентус клубтарының бұрынғы қақпашысы Джанлуиджи Буффон өзіне қарсы ойнаған үздік футболшыны атады. Даңқты ойыншысының айтуынша, ол - Неймар. Бұл туралы Буффон Corriere della Sera берген сұхбатында мәлімдеді.

- Саған қарсы ойнаған үздік футболшы кім?

- Мен футболшылардың үш буынына қарсы ойнадым. Қалай таңдау жасауға болады? Зидан, Роналдо, Месси, Криштиану Роналду, Иньеста…

- Біреуін атасаңыз.

- Неймар. Қандай ойыншы әрі адам екенін ескерсек, ол "Алтын допты" 5 рет алуы керек еді.

Айта кетейік, Буффон мен Неймар бір кездері ПСЖ сапында өнер көрсеткен болатын.