Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Гвардиола «Ситиге» қатысты шешім қабылдады

Редактор Penalty.kz
20.11.2024, 15:16

Испан маманы манчестерлік клубта 2026 жылдың жазына дейін жұмыс істемек. 

Vesti.kz
Vesti.kz

«Манчестер Ситидің» бас бапкері Хосеп Гвардиола клубпен арадағы келісімшартын тағы бір жылға ұзартты. Енді оның мерзімі 2026 жылдың жазында аяқталады.  

Бұған дейін Гвардиоланың «Ситидегі» тағдырына қатысты түрлі алып-қашпа әңгімелер тараған еді. Оған бір жағынан клубтың қаржылық фэйр-плэй ережесін бұзуымен байланысты іс өз әсерін тигізді.   

Десе де, осы халықаралық үзілісте 53 жастағы каталондық бұл мәселеге нүкте қойды. «Ситиді» келесі маусымда да жаттықтыратын болды. Бұл туралы The Athletic хабарлады. 

Айта кетейік, «Сити» Гвардиоланың жетекшілігімен 490 матч өткізіп, 360-сында жеңіске жетті. 1239 гол соқты. Және клубтық деңгейдегі барлық турнирде жеңіске жетті. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір