2034 жылғы мундиаль қыста өтеді ме?

Сарапшы, спорт журналисі

Футболдан Сауд Арабиясында өтетін 2034 жылғы әлем чемпионаты жазда емес қаңтарда өтуі мүмкін.

2034 жылғы мундиаль қыста өтеді ме?
sport-express.net

Себебі жазда аптап ыстық болады. Бұл футболшылар мен жанкүйерлерге ыңғайсыздық тудырады. Метеоролог мамандардың болжамына сәйкес, турнирді өткізудің ең ықтимал айы - қаңтар. Мерзімі 2034 жылдың қаңтары немесе 2035 жыл болатыны нақтыланбаған.

Еске сала кетсек, 2022 жылғы әлем чемпионаты Қатарда қараша-желтоқсан айларында өтті. Бірақ 2034 жылы 11 қараша мен 10 желтоқсан аралығы Рамазан айына тұспа-тұс болып тұр. Ал ФИФА діни оқиғалар кезінде жарыс өткізуге тыйым салады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір