Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
Футболдан Суперлига ұйымдастырушылары жарыс форматын талқылады.
Турнир 2025 немесе 2026 жылдың қыркүйегінде басталады, деп хабарлайды Offside.kz.
Суперлига деп аталатын жаңа турнир 3 дивизионнан тұрады. Ең жоғары дивизонда – 16 команда, топ-5 лиганың чемпиондары оған автоматты түрде түседі.
Бастапқыда Суперлига жобасына 12 клуб кірген. Одан "Реал" мен "Барселона" шыққан жоқ.
Mundo Deportivo ақпаратына сәйкес, турнир үш дивизионға бөлінеді. Жоғарғы ("Жұлдызды") топ-5 лиганың 16 клубы, сонымен қатар Нидерланд пен Португалияның мықты командалары қатысуы тиіс.
Екіншісінде ("Алтын") тағы 16 ұжым, үшіншісінде ("Көк") 32 команда болады. Осал деген 20-сы жыл сайын жарыстан шығып отырады.
Ойындар аптаның ортасына белгіленген. Ал ұлттық біріншіліктер демалыс күндері өте береді.
Жарыстың басталу мерзімі өзгеріссіз қалады. Яғни 2025 жылдың немесе 2026 жылдың қыркүйек айы.