Айтулы дода келесі жылы маусым-шілде айларында өтеді.
Клубтар арасындағы Әлем чемпионатының жеребесі тартылды. Айтулы дода 2025 жылы 15 маусым мен 13 шілде аралығында АҚШ-та өтеді. Оған 32 команда қатысады. Олар 8 топқа 4 ұжымнан бөлінді. Жарыс ережесі бойынша әрқайсысынан үздік екі клуб келесі айналымға өтеді.
ӘЧ-2025 жеребесі:
А тобы: "Палмейрас" (Бразилия), "Порту" (Португалия), "Әл-Ахли" (Сауд Арабиясы), "Интер Майами" (АҚШ)
B тобы: ПСЖ (Франция), "Атлетико" (Испания), "Ботафого" (Бразилия), "Сиэтл Саундерс" (АҚШ)
C тобы: "Бавария" (Германия), "Окленд Сити" (Жаңа Зеландия), "Бока Хуниорс" (Бразилия), "Бенфика" (Португалия)
D тобы: "Фламенго" (Бразилия), "Эсперанс" (Тунис), "Челси" (Англия), "Леон" (Мексика)
E тобы: "Ривер Плейт" (Аргентина), "Урава Ред Даймондс" (Жапония), "Монтеррей" (Мексика), "Интер" (Италия)
F тобы: "Флуминенсе" (Бразилия), "Боруссия Дортмунд" (Германия), "Ульсан" (Оңтүстік Корея), "Мамелоди Сандаунз" (ОАР)
G тобы: "Манчестер Сити" (Англия), "Видад" (Марокко), "Әл-Айн" (БАӘ), "Ювентус" (Италия)
H тобы: "Реал" (Испания), "Әл-Хилал" (Сауд Арабиясы), "Пачука" (Мексика), "РБ Зальцбург" (Германия)