ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 22-тур

"Ордабасы" португалиялық шабуылшыға қыруар қаражат жұмсауға дайын

Бойы екі метр болатын Леонардо Роша биыл польшаның "Радомяк" командасы сапында 59 матч өткізіп, 21 гол соқты.

"Ордабасы" португалиялық шабуылшыға қыруар қаражат жұмсауға дайын
weszlo.com

27 жастағы шабуылшының трансферлік құны 1,5 млн еуро. 

Шымкенттік клуб бұл соманы көтеруге дайын. Бірақ ойыншының өзі Қазақстаннан да мықты чемпионатқа ауысқысы келетінін айтқан. Енді бәрі де ұсыныстарға байланысты болады. 

Рошаның польшалық клубпен келісімшарты 2026 жылдың 30 маусымына дейін белгіленген.

Роша "Монаконың" екінші командасында және италиялық "Виченца", испаниялық "Леганес", "Онтиньенте", бельгиялық "Ломмель", "Эйпен", "Льерс", "Моленбек" сияқты клубтарда доп тепкен. 

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.