ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Оппозиция "Барселона" президенті Жоан Лапортаның отставкаға кетуін талап етеді

Мұндай бастама Дани Ольмо мен Пау Викторды тіркеуге қатысты мәселеден туындап отыр. Клуб әлі күнге дейін Ла Лига шарттарын орындай алмай жүр. 

Оппозиция "Барселона" президенті Жоан Лапортаның отставкаға кетуін талап етеді
championat.com

“55 миллионға сатып алынған ойыншы басшылықтың немқұрайлығынан 4 айдан кейін “Барселонадан” кете алады. Бұл не деген масқара? Клубтың мәртебесіне кір келтірілді. Жалған уәде беруді қашан қоясыңдар? “Барсаның” былайша құрдымға кетуін қаламаймыз” – деді оппозиция өкілдері.

Дереккөздің ақпаратынша, Жоан Лапорта ойыншыларды тіркеуге қатысты проблеманы осы жұма, яғни 3 қаңтарда шешуге уәде беріп отыр. Басшылықтың мәлімдеуінше, қаржылық қиындықтар “Камп Ноу” стадионындағы VIP-орындар үшін төлем түскенде шешімін табады. 

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.