Инсайдер: "Елімайдың" бұрынғы ойыншысы "Арсеналға" ауысады
Қазақстандық клубқа ауыспай тұрып, ол ливияда өнер көрсеткен.
runasport.com
"Елімай" футбол клубының бұрынғы жартылай қорғаушысы Эдарлин Рейес Ресейдегі Тула қаласының "Арсенал" клубына ауысады. Бұл туралы kazfootball.kz Андрей Панковтың телеграм-арнасына сілтеме жасай отырып хабарлады.
"Мендегі ақпарат бойынша тулалық "Арсенал" Доминикан құрамасының ойыншысы Эдарлин Рейеспен келісімшартқа отырды. Оның мерзімі 2,5 жыл. Футболшының бұған дейінгі клубы қазақстандық "Елімай" болды", - деп жазды ресейлік инсайдер.
Естеріңізде болса, жазда аталған футболшы ливиялық "Әл-Иттихадтан" "Елімайға" ауысқан болатын. Жарты маусымда Эдарлин 2 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet