Қазақ күресінен "Дала қырандары" турнирінің жеңімпаздары анықталды
Астанада қазақ күресінен "Дала қырандары" турнирі аяқталды.
Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында жалауын көтерген турнирде 8 салмақ бойынша жүлделер сарапқа салынды.
Турнирде елдің әр өңірінен іріктелген 64 балуан боз кілемге шықты.
Жеңімпаздардың есімі төмендегідей:
55 кг Руслан Теміржан (Қызылорда облысы)
60 кг Нұрлыхан Мұханбетов (Ақтөбе облысы)
66 кг Ержан Еренқайыпов (Астана)
74 кг Бибарыс Тұрғанбекұлы (Ақтөбе облысы)
82 кг Нұрдаулет Бақтыбайұлы (Шымкент)
90 кг Ерасыл Жаңатаев (Алматы облысы)
100 кг Ерсұлтан Мұзаппаров (Шымкент)
100 кг жоғары: Қайсар Шамшидинов (Түркістан облысы).
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.