"Қайсарға" жаңа басшы келді

Сарапшы, спорт журналисі

"Қайсар" футбол клубының президенті лауазымына Талғат Әбдіғаппарұлы тағайындалды. 

"Қайсарға" жаңа басшы келді
kazfootball.kz

Ұжымға басшыны Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев таныстырды. 

Талғат Әбдіғаппарұлы 1984 жылы 29 тамызда Қызылордада дүниеге келген. 2012-2016 жылдары “Ақмешіт” гуманитарлық-техникалық институтында “Мұнай-газ ісі” мамандығы бойынша білім алған.

2016-2018 жылдары Академик Ә. Қуатбеков атындағы халықтар достығы университетін бітіріп “Дене шынықтыру және спорт” бакалавры дәрежесін алды.

Сонымен қатар самбодан жаттықтырушы болып, облыстық спорт басқармасында еңбек етті. Ал 2023 жылдан бері Мұз айдынының директоры болған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Материалда:

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір