Бақтияр Артаев: "Қайсарда" легионер болмайды
Енді қызылордалық ұжымда тек қазақстандық футболшылар ойнайды.
Бұл туралы Қызылорда облысы спорт басқармасының басшысы Бақтияр Артаев мәлімдеді.
Бұған дейін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев клубқа легионерлер сатып алу үшін ақша бөлінбейтінін, жергілікті ойыншыларды тәрбиелеуге басымдық беретінін алға тартқан.
ҚПЛ-да биылдан бастап шетелдік спортшылар бюджет қаражатынан қаржыландырылмайды. Бұдан былай легионер сатып алғысы келетін футбол клубы оған демеушілер табуы керек.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.