ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 27-тур

Қазақстандық шабуылшыға португалиялық клуб құда түсуге дайын

"Боавишта" клубы "Тобыл" шабуылшысы Ислам Чесноковты жалға алып, кейін сатып алу құқығымен келісімшарт жасасуға ниетті.

Қазақстандық шабуылшыға португалиялық клуб құда түсуге дайын
runasport.com

Португалиялық клуб қостанайлықтарға ойыншыны жалға алу және кейін 450 мың еуроға сатып алу мүмкіндігін ұсынды.

25 жастағы Ислам Чесноков “Тобылда” 2023 жылдың ақпан айынан бері ойнап келеді. Оның клубпен келісімшарты 2025 жылдың 31 қазанына дейін жарамды.

Transfermarkt мәліметі бойынша, футболшының нарықтық құны 800 мың еуро.

Өз кезегінде “Боавишта” Примейра лигасында 18 турдан кейін небәрі 12 ұпай жинап, турнирлік кестенің 18-орнында келеді. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Клуб беті: Тобыл 7-орын