Пеп "Барсаға" көмектеспек
"Ман Сити" клубы "Портудың" жартылай қорғаушысын сатып алуды көздеп отыр.
championat.com
"Манчестер Сити" Нико Гонсалес бойынша "Портуға" ұсыныс жасады. Алайда португалиялық команда футболшысын қысқы трансферлік маусымда жібергісі жоқ.
Егер тараптар мәмілеге келсе, сатылымнан түскен қаржының 40 пайызы бірден "Барселонаға" кетеді. Каталониялықтар ойыншыны 2023 жылы 8,5 млн еуроға сатқан болатын.
Айта кетейік, "Манчестер Сити" сапына жақында Омар Мармуш, Абдукодир Хусанов және Витор Рейс қосылған еді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet